Қазақстан мен Испания матчы тең аяқталды. Пенальти сериясында Испанияның жолы болды.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испанияға есе жіберген футзалдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті.

- Ойынның түнде өткеніне қарамастан қазақ жанкүйерлері ұлттық құраманың Испаниямен өткізген ойынын аса қызығушылықпен бақылады, - дейді Азамат Серікұлы. - Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақстан құрамасы әлемдік көшбасшы командалардың қатарына қосылу үшін дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдеді. Біздің команда қарсыластың атақ-даңқына қарамай ең биік мақсаттарды алға қоятынын барлығы көз жеткізді. Біздің ойыншыларға сәл ғана сәттілік жетіспеді. Біздің жігіттер жеңілген жоқ! Қола жүлде үшін таласқа біздің команда тас-түйін дайындық келеді. деген үміттемін. Біздің жігіттер жеңіске лайық. Бірге қолдау көрсетейік!