Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншылары Дуглас пен Тайнан қола жүлде үшін болатын ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Еуропа біріншілігінің жартылай финалдық кездесуінде Дуглас Жуниор мен Рего Тайнан екінші сары қағаздарын алған болатын. Турнирдің регламенті бойынша екі ескерту алған ойыншы келесі матчқа қатыса алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Испанияға қарсы жартылай финалдық матчта 5:5 есебімен тең түсіп, ойын соңындағы пенальти сериясында жеңіліс тапты. Ал үшінші орын үшін матчта Португалиядан ұтылған Ресеймен жолығады. Қос құрама топтық кезең аясында кездескен. Аталмыш матч 1:1 есебімен тең аяқталды.