Қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарындағы могул сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР ҰОҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Юлия Галышева бірінші мүмкіндігінен-ақ 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, ақтық сынға Аяулым Амренова өте алмады - 52.78 ұпай (26 орын).

Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті. Дмитрий 81.23 ұпай (3 орын) жинаса, Павелдің көрсеткішіт79.98 ұпай (7 орын).