Пхенчханға жеткен Норвегия құрамасынан астмаға қарсы қолданатын 6000-ға жуық препарат табылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдан бері Бүкіләлемдік допинг агенттігі (WADA) сальбутамол дәрісін қолдануға шектеу қойған болатын. Яғни, спортшыларға бір тәулікте тек 1600 микрограмм ғана қолдануға рұқсат етілген.

Скандинавиялық спортшылар өздерімен бірге симбикорттың 1800, альвесконың 1200 дозасын арқалап келген. Сонымен қатар, олардың дәрі қорабында сальбутамол мен атровент, 360 мөлшердегі вентолин болған.