Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің айтуынша, ол 5 мамырда Геннадий Головкиннің Сауль Альваресті жеңгенін қалайды.

«Маған не керек екенін білемін. Головкин не Канеломен, жеңімпазбен жекпе-жек өткізуді қалаймын. Құдайым, өтінемін, Головкин жеңсе екен – себебі ол соңғысында жеңіске жетті, ал мен барлық белбеуді өзіме аламын! Әр белбеу жыл соңына дейін менде болады!», - деді Сондерс.

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 5 мамырда өтеді. Ал Сондерс 14 сәуірде Мартин Мюрреймен жұдырықтасады.