Британиялық боксшы Мохаммед Әли допинг қабылдағаны үшін жазаланды.

21 жастағы спортшының допинг-сынамасынан стероид тренболон табылған. Әли бұл сынаманы 2017 жылдың сәуірінде Мароккодағы турнирден соң тапсырған.

Енді Мохаммед Әли екі жылға жазаланды, ол рингке 2019 жылы орала алады.

Айта кетейік, Мохаммед Әли 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысқан болатын.