«Хабар» телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы Испания – Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу 8 ақпаннан 9 ақпанға қараған түні Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы ширек финалда Сербия құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жеткен еді.

Екі жыл бұрынғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында да Қазақстан мен Испания құрамалары кездескен болатын. Ол кезде Какау шәкірттері 5:3 есебімен есе жіберіп алған еді.