Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына ел намысын қорғауға аттанған спортшымыз - түғырдан секіруші Сергей Ткаченко ертең жарыс жолына шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

XXIII қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 9 ақпан күні өтеді. Дегенмен, алғашқы іріктеу жарыстары ертең, яғни 8 ақпан күні басталады. Бұл күні керлинг және тұғырдан секіруден жарыстар бастау алады. Ертең алғашқы іріктеу сындарында өнер көрсететін спортшылар қатарында қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко да бар.