Рио-де-Жанейродағы Әлем чемпионатында екінші орын алған дзюдошы Азамат Мұқанов ақшалай сыйлыққа ие болды. Оны Алматыда өтіп жатқан дзюдодан әлемдік «Гран-при» кезеңінің ашылу салтанатында марапаттады, деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.
 
 Қазақстанның Дзодо федерациясы мен оның негізі қолдаушылары дзюдошыға 5 және 7,5 миллион теңгелік чек табыстады.
Естеріңізе сала кетейік, Азамат Мұқанов Әлем чемпионатында 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Дзюдошы шешуші кездесуде жапондық Масаси Эбинумаға жол берді. Бұл - Қазақстан құрамасының 2013 жылғы Әлем чемпионатында иеленген жалғыз жүлдесі.