Қазақстанның бірінші ракеткасы анықталды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингі жарияланды.

57-орыннан 55-орынға көтерілген Зарина Дияс Қазақстанның әйелдер арасындағы үздік теннисшісі болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы болып келген Юлия Путинцева отыз орынға сырғып, 81-қатарға тоқтады.

Жұптық разрядта өнер көрсететін Ярослава Шведова 50-орыннан 49-орынға көтерілді.

Каролин Возняцки (Дания), Симона Халеп (Румыния) және Элина Свитолина (Украина) бұрынғыша рейтинг басында тұр.