Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі жарияланды.

Өткен жолы да көш бастаған испаниялық Рафаэль Надаль, швейцариялық Роджер Федерер және хорватиялық Марин Чилич үздік үштікті ешкімге берер емес.

ТОП-100 қатарына енген Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 73-орнында қалды.

Ал үздік жүздікке ең жақын тұрған екінші қазақстандық теннисші Александр Бублик бір орын төменге сырғып, 132-ші қатардан көрінді.