Коньки тебуден Қазақстан құрамасы Каннындағы мұз айдынына өз бағасын беріп үлгерді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз-қызметі жазды.

Бүгін конькишілеріміз Олимпиада аренасында алғашқы жаттығуын өткізді.

Олимпиадада ел намысын қорғайтын конькишілеріміз:

Роман Креч

Денис Кузин

Федор Мезенцев

Станислав Палкин

Артем Крикунов

Екатерина Айдова

ОИ-2018. Коньки тебу спортынан жарыс кестесі:

10 ақпан - әйелдер, 3000 м (басталуы 17:00)

11 ақпан - ерлер, 5000 м (басталуы 13:00)

12 ақпан - әйелдер, 1500 м (басталуы 18:30)

13 ақпан - ерлер, 1500 м (басталуы 17:00)

14 ақпан - әйелдер, 1000 м (басталуы 16:00)

15 ақпан - ерлер, 10000 м (басталуы 17:00)

16 ақпан - әйелдер, 5000 м (басталуы 17:00)

18 ақпан - әйелдер, 500 м (басталуы 18:00)

19 ақпан - ерлер, 500 м (басталуы 18:00)

21 ақпан - әйелдер, командалық пасьют (басталуы 19:00); ерлер, командалық пасьют (басталуы 19:20)

23 ақпан - ерлер, 1000 м (басталуы 16:00)

24 ақпан - әйелдер, масс-старт (басталуы 18:30); ерлер, масс-старт, (басталуы 19:00)