Шамамен 10 мың полиция қызметкері, оның ішінде арнайы бөлім Пхёнчхандағы Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат жазды.

Салтанатты ашылу рәсімі 9 ақпанда Солтүстік және Оңтүстік Кореяны бөліп тұрған демилитаризациялық аймақтан 80 шақырым қашықтықта өтеді.

Осыған байланысты ресми Сеул қандай да бір арандатушылықтың болмауы үшін барлық сақтық шараларын қабылдады.

Белгілі болғандай, Оңтүстік Корея билігі Олимпиадалық ойындар үшін тосқауылшы дрондар флотилиясын сатып алды. Олар камералармен және адам түрін анықтайтын түрлі бағдарламамен жабдықталған.

Ал барлық аватомобильдер көлік ішіндегі заттарды тексеруге мүмкіндік беретін арнайы сканерден өткізіледі.