Қазақстандық журналистер Қысқы Олимпиада ойындарынан хабар тарату үшін Оңтүстік Кореяға барды.

Олардың арасында белгілі қаламгер Амангелді Сейітхан да бар. Олимпиададан ақпарат тарату лицензиясына ие болған «Хабар» Агенттігі қазақстандық спортшылар қатысатын барлық жарысты тікелей эфирде көрсетеді. Ал Пхенчхан мен Каннынде болып жатқан оқиғалар туралы күн сайын «Олимпиада күнделігі» бағдарламасынан тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда ақпан айының 9-25 аралығында өтеді.