Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан мен Каннын қаласындағы олимпиадалық қалашықтар ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты. Пхенчханда 3500-ге жуық спортшы жайғасса, Каннында 2400 cпортшы орналасатын болады.

Олимпиадалық қалашықтардың ресми ашылу салтанатына 2018 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах және Корея спорт министрлігінің өкілдері қатысты.

Олимпиадалық қалашықтардың ресми ашылу салтанатында Пхенчхан-2018 Ұйымдастыру комитетінің басшысы былай деді:«Пхенчхандағы Олимпиадалық қалашықтың ашылу салтанатына келген барлық спортшыларға қош келдіңіздер деймін. Бұл екі нысанның құрылысын үш жыл бұрын бастадық. Бірінші қонақтарымыз - спортшыларымызды қуана қарсы алдық. Барлықтарыңызға мұнда бәрі ұнайды деген үміттеміз».