Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласы 1-ші ақпан күні олимпиадашыларға «Олимпиадаға қош келдіңіздер!» атты ресми шара өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Бұл туралы сол елдің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеді. Аталған ақпаратта «Олимпиада қалашығына қош келдіңіздер! атты арнайы іс шара 1-ші ақпан, яғни бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де басталады», - деп көрсетілген.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Пхенчханға 1-ші ақпан күні барып орналаса бастайды. Ал соңы 7-ші ақпанға дейін жетіп болуы тиіс. Бұл күні Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Отандастарымыз спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.