Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек ақылы трансляция сатылымы бойынша көп пайда әкеледі деп сенеді.

Yahoo! Sports журналисі Кевин Айоленің мәлімдеуінше, Альварестің промоутері PPV сатылымы алғашқы жекпе-жектің көрсеткішінен асып түседі деп күтеді екен. Головкин – Канелоның алғашқы жекпе-жегінде 1,3 миллион трансляция сатылған болатын.

Айта кетейік, екінші жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Нақты қай қалада болатыны әзірше белгісіз.