Қазақстандық қақпашы Рамиль Нұрмұхаметов «Ақтөбемен» келісім-шартқа отыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін голкипер павлодарлық «Ертіске» ауысады деп хабарланған болатын.

30 жастағы футболшы ҚПЛ-дың бес командасында ойнады: «Тараз» сапында 53 матч (63 гол жіберді), «Қайрат» сапында 19 матч (23 гол жіберді), «Қайсар» сапында 4 матч (4 гол), «Атырау» сапында 1 матч (0 гол) және «Ордабасы» сапында 13 матч (14 гол).