«Ақтөбе» клубының жұмысының маңызды векторларының бірі - жергілікті бапкерлік кадрларды тәрбиелеу.

Осыған орай, Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынында «Ақтөбе-Ж» ФК бас бапкерінің ассистенті Мұхтар Ерімбетов «Ақтөбе» ФК-ның бапкерлік құрамында тағылымдамадан өтеді. Жас маман бұл жиында тәжірибелі бапкерлік штабпен бірлесіп жұмыс атқаратын болады.