Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5-ші мамыр күні өтетіні ресми түрде жарияланды.

Бақтияр Артаевтың ойынша, екінші жекпе-жекте Головкинге қиын түседі және кездесуде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін:

- Қарымта жекпе-жекте ешкім күтпеген нәтиже болуы әбден мүмкін. Менің ойымша, қос боксшы тағы да тең түсетін секілді. Гена ұтылып қалады деп айтқым келмейді, сол себепті тең түсуі қажет.

- Алғашқы жекпе-жекте төрешілердің «бір бүйрегі» Альвареске бұрғаны шындық. Алдағы кездесу осы жағдай қайталануы мүмкін бе?

- Екінші жекпе-жекте төрешілер кеткен қателікті қайталай қоймас. Головкинге олардың тарапынан қысым болмайды.