«Реал Мадридтің» 28 жастағы шабуылшысы Гарет Бэйл «Манчесер Юнайтедке» ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz Diario Gol-ға сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, МЮ осы трансферді жүзеге асыру үшін келіссөзге қақпашы Давид Де Хеаны қосуы мүмкін. Мадридтік команданың президенті Флорентино Перес испаниялық қақпашыны қатарына қосу үшін Уэльс құрамасының капитанынан бас тартуға дайын екен.

Айта кетейік, Бэйл осы маусымда «Реал» сапында барлық турнирде 14 матч өткізіп, 8 гол соққан. Ал Де Хеа 28 матчта 17 гол жіберді.