Португалиялық «Спортинг» клубының жартылай қорғаушысы Желсон Мартинш Еуропа Лигасының 1/16 финалында «Астанаға» қарсы бірінші ойынға қатыспауы мүмкін.

Португалия кубогының «Портуға» қарсы жартылай финалдық кездесуінде (0:0, пенальтимен — 4:3) Мартинш бел жарақатын алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның сауығу мерзімі шамамен үш төрт аптаны құрамақ.