Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының (AIBA) уақтыша президенті болып қылмыс әлемінде беделі бар адам Гафур Рахимов сайланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты отандық басылымдарға сілтеме жасап.

AIBA-ның Дубайда өткен кезектен тыс съезінде AIBA-ның вице-президенті Ғафур Рахимов ұйымның аға президенті болып сайланғаны белгілі болды. Бұған дйеін AIBA президентінің міндетін Франко Фальчинелли 20 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін уақытша артарып келген болатын. Ал кезектен тыс съезд Чинг-Куо Вуге ұйымның құрметті президенті атағын беру туралы ұсынысты мақұлдамады. Қазақстан атынан бұл жиналысқа Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов қатысты. AIBA-ның жаңа президенті қараша айында Мәскеуде өтетін келесі съезде сайланады. Оған дейін өзбекстандық қылмыс әлемінің серкесі Рахимов осы лауазымды қызметте отырады.

Естеріңізге сала кетейік, Өткен жылдың шілде айының соңында AIBA Атқарушы комитетінің 13 мүшесі Чинг-Куо Вуға бірнеше тәртіптік айыптаулар тағып, ол қаржыны жымқырды деп сенімсіздік білдірген болатын. Соған байланысты Чинг-Куо Бу өткен жылы қараша айында өз еркімен қызметтен бас тартқан еді.