Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхайыр Шегалиев (2-0, 1 KO) келесі жекпе-жегін 13 ақпанда Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізеді, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Оның қарсыласы ресейлік Артем Пугач осы кездесуде кәсіби бокстағы дебютын жасамақ. Бірінші орта салмақта өтетін жекпе-жек 4 раунтқа жоспарланып отыр.