Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Пхенчхандағы Олимпиададан шеттетілген ресейлік шорт-трекші Виктор Анның хатына жауап беруден бас тартты, деп хабалайды «Р-Спорт».

«ХОК іске қатысты адамдардың құқығын қорғау мақсатында жеке тұлғаларға қатысты жауап бермейді. Өткен жұма күні процесстің қалай жүріп жатқанын және Олимпиадаға қатысатын спортшыларды таңдау мәселесі бойынша релизді жарияладық. Басқ қосарымыз жоқ», — делінген комитеттің жауабында.

Естеріңізге салайық, бұған дейін алты дүркін Олимпиада Виктор Ан 26 қаңтарда ХОк президенті Томас Бахқа ашқы хат жазған еді.

Айта кететін жайт, ресейлік 111-ге жуық спортшы допинг дауына ілігіп, Олимпиададан шеттетілген. Соның ішінде Виктор Ан да бар.