Иван Поддубный, Георг Гаккеншмидт, Иван Лебедев сынды балуандар әлем спортының тарихында өз есімдерін қалдырған спортшылар. Балуандардың үлкен белестерді бағыныдырып, жетісікке жетуінің кілті – диета ұстауда.

Олар не жеді? Қалай тамақтанды? Батыста «Ресей аюы» атты лақапатқа ие болған атлет Иван Поддубный қарпайым әрі пайдалы тағамдармен тамақтанатын. Поддубный асханаға келе салып қырыққабаты көп борщ сұрайтын. Балуан сүтті тағамдар мен жұмыртқаны қатты ұнатқан. Дәлірек айтқанда, бір отырғанда оннан астам жұмыртқа жеп, үш литрге жуық сүтті тауысатын. Оның рационын көкөністер құраған. Ең сүйіктісі шомыр болған.

1926 жылы, 55 жасында Поддубный АҚШ-қа барып, өзінен жас жігіттерді қоғадай жапырған. Жарыс біткен соң Нью-Йорк көшелерін аралап шомыр таппай Богодуховка ауылындағы апайына хат жазып көкөністер жіберуін сұраған болатын. Сенуге қиын бірақ тәбеті мықты, 120 келілік Поддубный ет жемеген және вегетарианшыл болған.