Еліміздің 5 жеңіл атлеті 2018 жылдың алғашқы айындағы рейтингте үздік 15 спортшының қатарына тұр.

Қаңтар айында Қазақстан жабық кешендегі манежде үш жарыс өтті. Осы додалардың хаттамалары халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығына жөнелтілген болатын.

IAAF түзген рейтингте қазақстандық спортшылар арасында Ирина Эктова алтыншы орынға орналасқан. Ол 16 қаңтарда Өскеменде 13.89 метрге секірген еді. Үш қарғып секірушілер арасында Иринадан Кетурах Орджи (АҚШ) – 14.53, реселік Виктория Прокопенко (14.00), Беларусь атлеті Ирина Васковская (14.00), испан қызы Патрисиа Саррапио (13.98) және германиялық Нилли Эккхардт (13.93) жоғары орналасқан.

2017 жылы Азияда 13.89 метрден тек үш спортшы асқан болатын. Ол кезде Эктованың көрсеткіші – 13.77 метр болды. Әзірге бұл сайыс түрінен әлемдегі көшбасшы спортшылар әзірге жарыс жолына шыққан жоқ. Олардың арасында қазақстандық Ольга Рыпакова да бар.

Қостанайлық Татьяна Нерознак 1500 метрге жүгіруден үздік 10 спортшының қатарында. Ол 10 қаңтар күні Қазақстан кубогында аталған қашықтықты 4:20.28 минутта жүгіріп өткен. Бұл нәтижесімен ол сегізінші орында тұр. Ал

3000 метрден Татьяна 15-орынға жайғасқан. Үздік уақыт көрсеткіші әзірге – 9:17.94.

Ал 400 метрге жүгіруші Элина Михина мен Светлана Голендова тиісінше 11 және 15-орындарға орналасқан. Элинаның нәтижесі –53.29 секунд, Светлананың көрсеткіші – 53.66. секунд.+