Мадритік «Реал» Испания Кубогының 1/4 финалынан сүрінді, деп хабарлайды prosports.kz.

«Патшалық клуб» Испания кубогының 1/4 финалында «Леганестен» ұтылды.

Айта кететін жайт, бірінші ойында Зиданның шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал қарымта кездесуде өз алаңында 1:2 есебімен жеңіліп, беделді жарыстан тыс қалды.

Испания Кубогы. 1/4, Қарымта кездесу «Реал» - «Леганес» 1:2 Жалпы есеп: 2:2

Голдао: 47' Бензема (Лукас Васкес) – 32' Эрасо, 56' Габриэль (Эрасо)