Бразилияның аңыз футболшысы Роналдо жақында өзін клуб қожайыны ретінде сынап көргісі келетінін мәлімдеді.

41 жастағы «Өзге ғаламшарлық» ойыншы футболшылық мансабын 2011 жылы аяқтаған болатын. Содан бері де футбол саласынан алыс кете қойған жоқ. Соңғы кездері оның Бразилия футбол федерациясын басқаруы мүмкін екені де айтылған болатын.

Ал футбол аңызының өзі жеке команда сатып алып, басқарушылық қабілетін сынап көруді жөн көретін секілді.

Ол Англияның немесе Испанияның екінші лигасынан команда сатып алуды көздеп отыр. Бұл туралы Роналдоның өзі: «Мен не Англия Чемпионшипінен, не Испания Сегундасынан бір команданы басқарып көргім келеді. Өзімді мұндай сынаққа дайынымын деп есептеймін»,- дейді.