Румыниялық теннисші Симона Халеп Австралия ашық біріншілігінің ширек финалында чехиялық Каролина Плишкованы 6:3/6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Әлемнің бірінші және алтыншы ракеткасы арасындағы ойын 1 сағат 12 минут созылған. Симона Халеп ойында 4 екілік қате жіберіп, 10 брейк-пойнттың 5-ін ғана қолдана алды. Жартылай финалда Халеп әлемнің 21 ракеткасы, неміс теннисшісі Анжелик Кербермен бақ сынасады.