Австралия ашық біріншілігінің жаңа ғана аяқталған ширек финалдық кездесуінде, әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер чехиялық теннисші Томаш Бердыхты(20) жеңіп, жартылай финалға шықты.

Федерер үшін бұл кезедсу тым қиынға соққан жоқ. Швейцариялық теннисші қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. 2 сағат 18 минутқа жалғасқан кездесу 7-6/6-3/6-4/ есебімен Федерердің пайдасына шешілді.

Ол енді жартылай финалда Оңтүстік Корея елінің тарихында тұңғыш рет Австралия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алған Чхун Хенмен(58) кездеседі. Кездесу 26 қаңтар өтеді.