Қазақстандық 5 дзюдошы әлемдік рейтингіде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Халықаралық рейтинг Тунисте өткен Гран-приден кейін жаңартылды.

Сол тізімді назарларыңызға ұсынамыз (ТОП-30):

Ерлер:

60 келі Ғұсман Қырғызбаев - 8 (2758) Елдос Сметов - 26 (1116)

66 келі Елдос Жұмақанов - 8 (2632) 73 кг Жансай Смағұлов - 10 (2532)

90 келі Ислам Бозбаев- 10 (2824) -100 келі Максим Раков - 22 (1444)

Әйелдер:

48 келі Галбадрах Отгонцэцэг - 3 (4888)

57 келі Севара Нышанбаева - 16 (1738) 63 келі Мариан Урдабаева - 22 (1479)

-78 келі Албина Амангелдиева -19 (1435)

+78 келі Гүлжан Исанова - 21 (1486)

Естеріңізге сала кетейік, Тунис турнирі Қазақстан үшін аса табысты болды. Қазақстандықтар екі алтын, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте үздік атанды.