Тунисте дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Виктор Демьяненко жарыстың қола жүлдесін қанжығалады.

Осылайша, Қазақстан екі алтын және үш қола медальмен көш басын бастап тұр. Ал бір қоласы аз Украина екінші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, 90 келіге дейінгі салмақта белдескен Ислам Бозбаев пен 73 келіде Жансай Смағұлов алтыннан алқа тағынса, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) қолаға қол жеткізген болатын.