31 жастағы франциялық шабуылшы Саэр Сене петропавлдық «Қызыл-Жар» командасына ауысуы мүмкін.

«Пари Сен-Жермен» академиясының түлегі мансабын франциялық «Итамп» командасында бастаған. Артынша неміс клубтарында, АҚШ-та және Англияда доп тепкен. Сондай-ақ, әйгілі «Баварияның» екінші командасында ойнаған. Соңғы клубы «Штутгартер Кикерс» болды.