Ертең Швейцарияның Лозанна қаласында Ұлттар лигасының жеребесі тартылады.

Қазақстан құрамасы D лигасының үшінші себетіне түсті. Мұнда қазақстандық құрамадан бөлек, Молдава, Лихтейнштейн мен Мальта бар. Ал бірінші себетте Әзірбайжан, Македония, Беларусь және Грузия құрамалары бар.

Беларусьтік Pressball.by сайты жеребе туралы жазып, өз құрамалары үшін ең жаман нұсқаны атады: Беларусь, Армения, Қазақстан, Косово.

Яғни, Беларусь порталы бір торпа Қазақстанмен ойнағысы келмейді.