Антхольцта (Италия) өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогының алтыншы кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы спринтте (10 шақырым) сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сында ел намысын қорғаған спортшылар арасынан ең үздік нәтижені Владислав Витенко көрсетті - 52 орын. Ал өзге отандастарымыздың арасынан Василий Подкорытов 69-шы орынға, Роман Еремин 77-ші орынға, ал Максим Браун 100-ші орындарға жайғасты.