Шымкенттік «Ордабасы» клубының бұрынғы шабуылшысы Филип Касалица грекиялық «Платаньяс» клубына ауысты, деп хабарлайды prosports.kz грекиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Айта кетейік, сербиялық спортшы шымкенттік команда сапында 2016 жылы өнер көрсеткен. Спорттық мансабында «Црвена Звезда», «Истра» кореялық «Улсан» клубтарында ойнаған.