«Атырау» сербиялық легионерімен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұрынғы «Црвена Звезда» ойыншысы Предраг Сикимич «мұнайшылармен» арадағы келісімшарт мерзімін бір жылға ұзартты. Айта кетейік, 35-жасар шабуылшы «Атырау» сапында өткен маусымда ҚПЛ-де 15 ойын өткізіп, 5 соққан болатын.