Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Еркебұлан Сейдахмет Кипрде ОЖЖ өткізіп жатқан Ресей премьер-лигасының «Уфа» командасына келіп қосылды, деп хабарлайды prosports.kz.

«Уфа» клубының вконтактедегі ресми парақшасына 17 жастағы қазақстандықтың видеожолдауы жарияланды.

«Сәлем Уфа! Бүгінгі жиын күнделігін көріңіздер. Өте қызықты болады!» — деді Сейдахмет.

Айта кетейік, ОЖЖ кейін жас спортшымыздың болашақ мансабы белгілі болмақ.