Еліміздің ең талантты футболшыларының бірі, «Астананың» жас жартылай қорғаушысы Мәди Жақыпбаев қарағандылық «Шахтер» командасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысады.

17 жастағы жас ойыншы өткен маусымда премьер лигада бар болғаны бір ойында ғана алаңға шықты. Көбінде қосалқы құрам ойыншыларымен бірге екінші лигада өнер көрсетіп жүрді.

Қазақстан жасөспіремдер құрамасының(U19) мүшесі өзіне ойын тәжірибесінің жетіспейтініне наразы. Сол үшін ол басқа командаларға барып, алаңға көбірек шыққысы келеді. Осы мақсатта қарағандылық кЛУБТІҢ жейдесін кимекші.