Үш дүркін әлем чемпионы бразилиялық Пеле Роналду мен Мессиді салыстырды.

«Мен өз командама Мессиді таңдаймын. Себебі ол маңызды голдар соғады. Оған қоса ол командаластарына нәтижелі пас беріп, қауіпті сәттер ұйымдастыра алады», — деді Пеле AS басылымына берген сұхбатында.