Темекінің адам ағзасына зиянды екені жайлы көп айтылады. Сол үшін кәсіби спортшылар көбінде темекіден алыс жүреді. Десе де, көк түтінге көміліп жүретін көпке таныс футболшылар да жоқ емес. Енді қырағы журналистердің нысанасына ілігіп қалған танымал футбол жұлдыздарымен таныс болайық.

Арсен ВенгерСпорт ғылымымен, медицинасымен, психологиясымен айналысатын білікті маман боласа да Венгер басқаларға темекі тартпау туралы ақыл айта алмайды. Себебі, "профессор" өзі де жеңілістің кермек дәмін көк түтінмен басатын кісілердің бірі.

Марчело Липпи2006 жылы Әлем чемпионатын ұтқан атақты бапкер Липпи Италияның Тоскана өңірінде өсірілетін ерекеше сигареттің тұрақты тұтынушысы. Он неше жыл бойы ол осы әдетінен арылған емес.

МарадонаАргентиналық футбол патшасының ішімдік пен шегімдікке әуестігі әлемге белгілі. Ұзақ уақыт бойы тым ауыр дәрежелі сигар өнімдерін тұтынғандықтан 2004 жылы қатты науқастанғаны да бар. Спорттағы мансабын аяқтаған соң қатты семіріп кетуіне де осы нашар әдеті себеп болса керек.

Карло АнчелоттиАнчелоттидің: "Темекіні тастаудың қиындығы «Реал Мадридке» оныншы Чемпиондар лигасын жеңіп берумен бірдей", - деген атақты сөзі бар.Өзі мойындағандай Карло темекінің нағыз әуескері. Футболшы кезінен бастап шеккен. Бапкерлікке келген соң да бұл әдетін қоя алған жоқ. Тіпті, «Милан» клубында жүргенде қосалқы құрам орындығында отырып-ақ түтіндетіп отыра беретін болған.

Зинедин ЗиданЗидан 2002 жылы темекі шегуге қарсы әлемдік іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан. Бірақ, өзі темекіні жек көрмейді. 2006 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалы, Португалияға қарсы ойын алдында оның "өз-өзін сабырға шақырып тұрған" сәтін журналистер суретке түсіріп алған болатын. Кейін «Реал Мадрид» командасында Анчелоттидің комекшісі болып жүрген кезінде италиялықпен бірге темекі тарту тұрақты дағдыға айналған көрінеді.

Марио БалотеллиИталиялық тентек футболшы Балотеллидің темекімен әуестенетіні де қатты жасырын іс емес. Өзінің басбұзарлығымен де жақсы танылған шабуылшы бір кездері бас бапкері Манчинидің ашуына жиі тиетін болған. Оның осындай қылығына күйінген Роберто бапкер: "Егер Марио менің ұлым болса жақсылап тұрып жұмсақ жерінен тебер едім", - деп ашуланған да болатын.