Әлемдегі ең егде кәсіпқой футболшы, жапониялық Кадзуёси Миура келісімшартын ұзартты.

Әлі күнге дейін доп тебетін спортшы ақпанның 26 күні 51 жасқа толады. Футболдағы карьерасын 1986 жылы «Сантос» командасында бастаған Миура 1994 жылы Италия чемпионатына ауысқан. Ал қазір Жапонияның Йокогама командасында өнер көрсетіп жүр. Өткен маусымда шабуылшы 12 ойынға қатысып, 1 гол соқты.