Бүгін Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауық кешенінің мұз айдынында 2018 жылғы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының киіп шығатын спорттық киімі таныстырылды. Бұл туралы ҰОК ресми сайты хабарлады.

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарына аттанатын спортшыларға берілетін спорттық форма жылы спорттық костюм мен шалбар, жылы жилет, спорттық, жаттығуға арналған және желден қорғайтын костюмдер мен өзге де киім-кешектен тұрады.