«Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Момоду Сисей Премьер-Лигаға жаңадан оралған «Қызыл-Жар» командасына ауысуы мүмкін.

29-жастағы гамбиялық шабуылшы 2013-2015 жылдары аралығында алматылық «Қайраттың» сапында өнер көрсеткен болатын. Жалпы 46 ойынға қатысып, 18 мәрте көзге түскен. Соңғы клубы финляндиялық «Кеми Кингс» болды.