Армения құрамасының ойыншысы Маркос Пиззели мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.

2014/2015 жылғы маусымда «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен 33 жастағы футболшы Қазақстан біріншілігіне оралуы мүмкін. Ойыншының өкілдері «Ақтөбе» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Армениялық футболшының агенті Тигран Мкртчян Маркос Пиззелидің Қазақстанға қандай жалақыға оралатынын айтып берді:

— Маркос «Ақтөбеде» Сауд Арабиясының «Аль-Шабаб» командасында алған жалақысынан екі есе аз айлыққа ойнауға әзір. Ойыншы Ақтөбедегі бұрынғы достарына қайтып оралғысы келеді, - деп келтіреді агенттің сөзін sports.kz сайты.

Маркос Пиззели «Ақтөбеден» кеткеннен соң Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірлігінде және Грекия елдерінде доп тепкен.