WBC рейтингісі жаңартылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Сіздердің назарларыңызға сол рейтингтегі қазақстандық боксшылардың орналасу тәртібін ұсінамыз. Бірінші ауыр салмақтағы Иса Ақбербаев 36-шы орынын сақтап қалды. Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахмедов 31-ші сатыдан 27-ші орынға көтерілді. Бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам сегізініш орыннан алтыншы сатыға жоғарылады. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Бекман Сойлыбаев бір саты көтеріліп, 19-шы орынға жайғасты. Ал аса жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов 11-ші орында қалды.