Бокстан Қазақстанның қыздар құрамасы Сербияның Сомбор қаласында өткен «Ұлттар Кубогы» 7-ші халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетті. Спортшыларымыз 6 алтын медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турнирдің алғашқы «алтынын» әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) еншілегенін еске сала кетейік.

Біздің қыздар тоғыз финалдық жекпе-жектің біреуіне ғана қатысқан жоқ - 69 келіден жоғары санатта. 48 келіге дейінгі салмақта Алина Тұрлыбаева румыниялық әйгілі боксшы Стелюта Дутадан жеңіліп қалды. Азиада жүлдегері Жайна Шекербекова да (51 келі) румыниялық Клаудия Нечитудан айласын асыра алмады.