Даңқты норвегиялық биотлоншы Уле Эйнар Бьорндален өз елінің олимпиадалық құрамына енбей қалды. Бұл туралы Норвегия елінің олимпиада комитетінің төреағасы Торе Эвребе мәлімдеді.

Бьорндален Олимпиада ойындарына 1994-жылдан бері тұрақты қатысып келген. Биылғы маусымда оның Әлем кубогының жекелей сынында көрсеткен нәтижелері айтарлықтай жақсы болмай шықты(18, 31, 18, 28, 46, 52, 36, 42). Бұл көрсеткіш Олимпиада ойындарына қатысу үшін жеткіліксіз болды.

Естеріңізге салсақ, Бьорндален Олимпиада ойындарының сегіз дүркін чемпионы және Әлем біріншілігінде жиырма рет топ жарған.