Алматыда үстел теннисінен республикалық әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Іріктеу жексенбі күні басталып, қаңтардың 16 күніне дейін жалғасады. Аталған сында жақсы өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген теннисшілер Швецияның Хальмстад қаласында өтетін үстел теннисінен командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

Іріктеуге астаналық Кирилл Герасименко қатыспайды. Себебі, ол 18-21 қаңтар күндері Венгрияда өтетін әлемдік турға дайындалуда.